Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында 8,4 млн теңгеге ұрлық жасаған күдікті анықталды

Ақмола облысында 8,4 млн теңгеге ұрлық жасаған күдікті анықталды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында 8,4 миллион теңгеге ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 сәуірде Ақмола облысы полиция департаментінің аудандық бөлімдерінің біріне жергілікті кәсіпкерден шағым түсті. Ол сауда үйіндегі жалға алынған үй-жайдан бірнеше рет ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтар ұрланғанын хабарлаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 8,4 миллион теңгені құраған. Тергеу барысында 3-12 наурыз аралығында сауда үйінің бейнебақылау камералары электр қуатының үзілуіне байланысты мезгіл-мезгіл істен шығып отырғаны анықталды. Сонымен қатар көрші ғимараттардың бейнежазбаларын талдау нәтижесінде ғимарат ашылмай тұрып бірнеше мәрте кірген жергілікті тұрғын бейнеге түсіп қалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тұлға анықталып, оның қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәсіпкерлерге бірқатар қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Атап айтқанда ірі көлемдегі қаражатты сақтау үшін сенімді құлыптары бар сейфтерді пайдалану, қолма-қол ақшаны түнгі уақытта кассада қалдырмау, бейнебақылау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін және жазбаларға қолжетімділікті үнемі қадағалап отыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда кәсіби күзет қызметімен келісімшарт жасау ұсынылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты