Танысының атына онлайн-несие рәсімдеген ақмолалық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуы бойынша 29 мамыр күні белгісіз адам оның атына “Робокеш.кз” шағын несиелік ұйымында несие рәсімдеген.
Залал сомасы 75 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция басқармасының қызметкерлері адамды анықтады. Бүгінгі күні оның осы іске қатысы тексеріліп жатыр.
Бұрын жәбірленуші күдіктіден өз атына шағын несие рәсімдеу үшін ұялы телефонын сұрағаны белгілі болды. 1 шағын несиені өтініш беруші жапқан кезде, оның атына жаңа шағын несие берілгені туралы хабардар болған.
Күдікті өзінің мобильді құрылғысында бұрын енгізілген жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, микрокредитке қайта өтініш берген кезде жеке басын сәйкестендіру қажет болмаған, ал алынған ақшаны ол өз картасына аударып алған. Заттай дәлелдеме ретінде телефон тәркіленді.
Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Ақпараттық жүйені пайдаланушы алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.