Биыл жалпы сомасы 750 млн теңгеге 66,3 мың дана жапырақты және қылқан жапырақты көшеттер отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Павлодар облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарының» нәтижелеріне өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мониторинг жүргізіп жатыр.— Өңірдің 3 қаласында дендрожоспар әзірленген. Түгендеу нәтижесінде Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында әртүрлі жылдағы 360 мыңнан астам ағаш бар екені анықталды. Дендрожоспар құрылыс салу аймағын ескеріп, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, қолданыстағы және отырғызуға жобаланатын ағаш-бұта жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамына орай жасыл екпелерді орналастыруды көздейді. Көгалдандырудың өңірлік жоспарын орындау шеңберінде 2021-2024 жылдары Павлодар облысында 357,7 мың дана түрлі тұқымды ағаш отырғызылған. Жыл сайын жасыл желектерді отырғызу және санитарлық-қорғау аймақтарын қамтамасыз ету бойынша қала құраушы кәсіпорындар белсенді жұмыс жүргізуде, -дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Әлішер Теміртас.