Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Оралда пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады. Биылғы жылдың ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды. Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені итеріп кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған. Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды.  Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады. Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді