Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды

Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады.

Кешкі уақытта ер адам ломбардқа барған. Зергерлік бұйымдарды қарастырып, оның көзіне 312 мың теңге тұратын алтын алқа түскен. Сатып аламын деген сылтаумен ол ломбард қызметкерінен, өлшеп көру үшін әшекейді сұраған және ала салысымен қашып кеткен.
Ломбард қызметкері ер адамның соңынан қуып жетуге тырысқан, алайда ол қашып үлгерген. Танысына сатып жіберген алтын алқаны полиция тәркіледі.

Қазіргі уақытта шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді