Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан мен ҚХР үкіметтері ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ сауда, инвестициялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.

Сапар аясында қытайлық компаниялармен – металлургия, энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларының көшбасшыларымен бірқатар кездесулер өтті. Қазақстандық делегация құрамында салалық министрліктер мен ірі отандық кәсіпорындардың басшылары болды.

Қазақстанда көмір химиясы, көлік жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары өнеркәсіпті дамыту еліміз үшін маңызды басым міндет болып саналатынын атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.

Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері стратегиялық жобаларды іске асыру үшін сенімді серіктес ретінде Қазақстанға қызығушылық танытты. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты