Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шардараға былтырғыдан 15 млн текше метр су аз жиналды

Шардараға былтырғыдан 15 млн текше метр су аз жиналды
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

«Шардара» су қоймасына осы күні былтырғыдан аз су түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

13 наурыз күнгі мәліметке сүйенсек, мұнда 4698 млн текше метр су жиналған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 15 млн текше метр аз.

– «Шардараның» жобалық су жинау көлемі – 5200 млн текше метр. Қойманы толтыруды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін оған секундына 500 текше метр су жіберсек, 12 наурыздан бері 400 текше метр су жібере бастадық. Одан бөлек «Көксарай» су реттегішіне де су жинап жатырмыз. Биыл Сырдарияға көп су түседі деген болжам жоқ, – деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Сейітқасым Әбуов.

Ведомство өкілінің айтуынша, өзен суы ел аумағында 6 су торабы арқылы реттеледі. Олардың барлығы көпфакторлы зерттеуден өткен.

– Сондай-ақ Қызылорда облысында жалпы сыйымдылығы 34,7 млн текше метр болатын «Бесарық», «Жиделі», «Манап», «Қыраш», «Көлтоған», «Құмсай» су қоймалары бірнеше сатылы тексеруден өтті. Олардағы су көлемі – 17,2 млн текше метр. Өңірде тағы 22 магистралды канал, 1 қорғаныс дамбасы, су тастайтын 2 құрылыс нысаны, Солтүстік Арал теңізі бөгеті мен 1 тоған бар, – деді Сейітқасым Әбуов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты