Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев ауыз су, трансшекаралық өзендер және апатты ГТҚ мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырма берді

Қанат Бозымбаев ауыз су, трансшекаралық өзендер және апатты ГТҚ мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста ведомство басшылығы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Алқа отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Президент жүктеген міндеттерді іске асыруға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Кешенді жоспардағы іс-шараларды қаржыландыру мәселесі шешілуде. Министрліктің 2025 жылғы даму бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 70%-дан астам ұлғайды. Осыған қоса, салаға бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ислам даму банкімен қарыз беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Осыған байланысты бұл қаражаттың толық әрі тиімді игерілуін ерекше бақылауға алуды тапсырамын», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар вице-премьер жөндеуді қажет ететін апатты гидротехникалық құрылыстарға (ГТҚ) назар аударды.

«Ықтимал қауіптерді ескере отырып, бұл мәселе қоғамның, оның ішінде депутаттардың ерекше назарында. Апатты гидротехникалық құрылыстардың қазіргі жағдайын жақсарту үшін қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеп, қаржыландыру көздерін анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.

Президенттің «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнын трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында топтық су құбырлары желісін коммуналдық меншік теңгеріміне беру процесін жеделдету қажет.

Министрлік жұмысының маңызды бағыттарының бірі – трансшекаралық ынтымақтастық. 

Орталық Азия бағытында Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы трансшекаралық су ағынының режимдерін айқындайтын тиісті келісімдерді әзірлеуге ерекше назар аудару қажет.

«Келісімді жаңарту бойынша осындай жұмысты Қырғызстан бағытында да жүргізу керек. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей аумағындағы су қоймаларының жұмыс режимдерін түзету бойынша алдын ала шаралар қабылдау үшін Ресей тарапымен жедел жұмысты жалғастыруды тапсырамын. Қытай тарапымен бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан бірқатар мәселе бар. Қысқаша айтқанда, биыл министрлікке су дипломатиясына жаңа серпін беру қажет», — деді вице-премьер.

Еліміздің батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Бұл бағытта біз Ақтөбе облысындағы Көкжиде және Айшуақ жерасты сулары кен орындарының іске асырылмаған әлеуетіне ие болып отырмыз. Осы жобаны іске асырудын күтілетін әсері айтарлыктай сезіледі. Осыған байланысты жобаны жүзеге асырудың ықтимал тетіктерін жедел пысықтап, Үкіметке тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев ведомство басшылығына.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты