Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев өңірлер мен қызметтердің 2025 жылғы қысқы кезеңге және су тасқынына дайындығын тексерді

Қанат Бозымбаев өңірлер мен қызметтердің 2025 жылғы қысқы кезеңге және су тасқынына дайындығын тексерді
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Оған министрлік өкілдері, облыс және қала әкімдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде үш мәселе: келесі жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық, жеке сектордағы жылу беру маусымы, коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы қаралды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлердің 2025 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығына тексеру жүргізілді.

Бүгінгі таңда өңірлерде 122,6 шақырым дренаж жүйесі салынып, жөнделді, 1545 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, 1270 шақырым канал мен 21 069 шақырым арық тазартылды, 101 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар тексеру нәтижелері бірқатар облыста өзен арнасы жағалауын нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар әлі аяқталмағанын көрсетті. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 84 елді мекенінде күрделі құрылыс, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізілуде.


«Өңір әкімді күздің соңына дейін елді мекендердің айналасына топырақ үю, су бұру арналарын тазарту және өзендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуі қажет», — деп тапсырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Тұрғын үй секторында жылу беру маусымын өткізуге дайындық барысы туралы есептер тыңдалды.

Тұрғын үйлер мен өзге де нысандардың ішінде орнатылған автономды жылыту жүйелері үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осылайша, еліміз бойынша ереже бұзып, автономды жылытқышты 641 ғимарат әлі де пайдалануда. 

«Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді тапсырамын. Газ инспекциясын іске қосыңыздар. Пеш жағатын үйлерді, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын есепке алу қажет. Ондай үйлердің барлығында иісті анықтайтын газ датчиктері орнатылуы тиіс», — деді Қанат Бозымбаев.

Қыс мезгілінде жолдардағы қызмет көрсету сапасы туралы Көлік министрлігі есеп берді.

Отырыста Ақтөбе облысындағы «Самара-Шымкент» тасжолы учаскесіне және Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жолдарға ерекше назар аударылды.

Ішкі істер министрлігіне боран кезінде тиісті қызметтердің хабарламаларын елемейтін жүргізушілерге жауапкершілікті күшейту мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Алдағы "Қыс-2024" оқу-жаттығуы шеңберінде жолдарда мұз қатып, көліктердің қозғалуына қиындық туындаған жағдайда уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмін пысықтау керек. Төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуға тиісті дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді, мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шараларды тексеруді тапсырамын. Біз қыс мезгілінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуіміз қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді