Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Түркістанда полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады
Фото: Polisia.kz

Түркістанда полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан адамдар тобын анықтап, қызметін тоқтатты. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті-діни ағым ұстанушылары мен маргиналды жастардан құралған 7 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал екеуі ағайынды болып шықты.

Жедел уәкілдер ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 12 калибрлі 1 карабин, түрлі калибрлі 20-дан астам патрон, 7 дана діни әдебиет, пышақ, рация, казино чиптері және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің бірінің жұмыс орны, яғни цехтың ауласына жасырылған 2 тегіс ұңғылы карабин мен 7 оқ-дәрі тәркіледі. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасуда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты