Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек министрлігі 2024 жылғы жұмысты қорытындылады

Еңбек министрлігі 2024 жылғы жұмысты қорытындылады
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара барысында ведомствоның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар белгіленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Парламент депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова; ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет аппаратының өкілдері, ЕХӘҚ вице-министрлері, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, ЕХӘҚМ бағынысты ұйымдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен әлеуметтік әріптестер және өзге де жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

«2024 жылы ЕХӘҚМ барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізді, қазақстандықтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды: 4 млн-нан астам алушыға зейнетақылар мен жәрдемақылар уақтылы индекстелді және төленді; жұмыс іздеп жүрген 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды; 1400 кәсіпорыннан 17 мың жұмыскердің әлеуметтік кепілдіктері қалпына келтірілді; өндірістік жарақаттану көрсеткіштері төмендеді; шетелдік жұмыскерлер үшін берілетін квота 22 мыңнан 15 мыңға дейін қысқартылды; 276 мыңнан астам отбасы қиын өмірлік жағдайдан шықты; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді», – деді Светлана Жақыпова.

Министр өз сөзінде Қазақстанда тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін іске асырылып жатқан шаралар, көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру және қолдау жүйелерін одан әрі дамыту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау және еңбек қатынастарын реттеу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Отырысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті