Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілді

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілді
Фото: ҚР ТЖМ

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында және Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Қазақстан ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңын бағындырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шыңға көтерілудің маңызды сәті «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен тақырыптық туды биіктікте желбірету болды. Бұл іс-шараның мақсаты азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және азаматтық қорғау органдарының беделін нығайту болды.


Іс-шараға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Қазавиақұтқару және ТЖМ Қазселденқорғау филиалдарының қызметкерлері қатысты.

  «Бұл өрмелеу тек физикалық сынақ емес, бұл біздің кез – келген жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығымыз бен ісімізге бірілгендіміздің белгісі», – деп альпинизмге қатысушылардың бірі, жасақтың құтқару бөлімінің басшысы Вадим Пак атап өтті.

Бұл оқиға төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтін барлық құрылымдардың бірлігі мен кәсібилігін бейнелейді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық қорғаныстың маңыздылығын еске салады.

  «Біз өз кәсібімізді және ең қиын жағдайларда адамдарға көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығын асыра бағалау қиын, бүгін біз оны нығайтуға тағы бір қадам жасадық», - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлішер Тутешев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді