2023 жылғы 22 шілдеде сағат 20.50 - де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.