Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: "Трамадолды" рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі

ІІМ:
Фото: Polisia.kz

ІІМ-де "трамадолды" дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастыруда. Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы "трамадол" психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады. Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді