Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: 226 медицина қызметкері есірткі құралдарының айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды

ІІМ: 226 медицина қызметкері есірткі құралдарының айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

2024 жылы Ішкі істер органдары «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын үш рет өткізіп, есірткі заттарының заңды айналымы саласында 38 қылмыстық және 633 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелердің бұзылуының 260 дерегі анықталды.

500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында 48 жастағы жүргізуші ұсталды, оның көлігінен полиэтилен пакеттері мен қораптар табылды. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық «трамадол» таблеткасы тәркіленді.

Аталған препарат опиоидты топтағы есірткі заттарына жатады және арнайы тізімге енгізілген.

– Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына және қызметкерлеріне медицинада пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың айналымын реттейтін заңнаманы қатаң сақтауға шақырады. Бұл саладағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске саламыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты