Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды

Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық киберполиция қызметкерлері “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы барысында арнайы техникалық құрылғыларды заңсыз сатпақ болған күдіктіні анықтады. Жасырын дыбыс және бейне жазба жасауға арналған техникалық құралдардың заңсыз айналымы тоқтатылды. Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны жасырын жазба функциясы бар қаламдарды сатқаны үшін ұсталды. Сондай-ақ күдіктінің жұмыс орнын тексеру кезінде бірнеше осындай қалам, магнитті камералар мен бейнебақылау жабдықтары бар шамдар табылып, тәркіленді. 

— Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасында күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ақпаратты жасырын алу мақсатында арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, сақтау, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша іс қозғалды, — деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді