Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тұрғынынан "тыңшылық" құрылғы тәркіленді

Алматы тұрғынынан
Фото: Polisia.kz

Алматыда тағы бір "тыңшылық" құрылғы тәркіленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының киберполиция қызметкерлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында жүргізіліп жатқан "Anti Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы туралы еске салды. Жуырда Алматы қаласының Алмалы ауданында құқық қорғау органдары арнайы рейд барысында күдік тудырған 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол Әйтиев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында рұқсат етілмеген дыбыс жазу функциясы бар USB-флэшканы сатып, заңсыз құрылғыны әлеуетті клиентке өткізбек болған.

- Бұл әрекет заңға қайшы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабымен қарастырылған құқық бұзушылық болып табылады. Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Тергеу мүддесіне сәйкес ҚР ҚК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып саналады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді