Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады

СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО полицейлері 1 ақпанда басталған "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтер жүргізеді. Тайынша ауданында жедел ақпаратты тексеру барысында ауыл тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз атылған бес Сібір елігі табылды. Бұл дерек бойынша 43 жастағы ер адам күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері одан қарда жүруге арналған техника мен қос ұңғылы ТОЗ-34 мылтығын тәркіледі. Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты. Ал Айыртау ауданында өткен бірлескен рейд барысында полицейлер мен қорықшылар мылтық асынған салт аттыны байқап қалды. Ат мінген ер адам қару оның 52 жастағы туысына тиесілі екенін айтты. Сақшылар бірнеше шақырым жүрген соң ауыл тұрғынын және атылған үш сібір елігін тапты. Күдіктінің аңшы емес екені анықталды. Тәркіленген ИЖ-17 дара ұңғылы мылтығы тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ атыс орнынан атылған жануарлар тәркіленді. Заңсыз аңшылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді