Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қыркүйектен суда жүзетін құстарды аулау маусымы ашылғаннан бастап полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларын сақтауды тексеру үшін рейдті күшейтті. Бірлескен рейдтің бірінде Айыртау ауданында егіс алқабына жақын ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірі қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атуға қатысы бары екендігін анықтады. Күдікті – Ғ.Мүсірепов ат. ауданның 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнын қарау барысында аққудың қалдықтары, дара ұңғылы 16 калибрлі “ИЖ-18” қаруы, атылған гильза мен оқталған патрон алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы тармақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аңшылық үшін жауапкершілікті көздейді.

– Табиғатты қорғау полиция, басқа мүдделі қызметтердің қызметкерлері қорықшылармен бірлесіп ұдайы бірлескен рейдтік іс-шараларды өткізеді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев. — Бүгінгі таңда облыста облыста экологиялық қылмыс саласындағы 17 қылмыстық іс тіркелді, 414 аң аулау қағидаларын бұзу және 273 балық аулау қағидаларын бұзушылық анықталды. Облыстың барлық тұрғындарын заңнаманы қатаң сақтауға шақырамыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты