Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері 5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулаған күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері 5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер құнды табиғи ресурстарды заңсыз аулау фактісін анықтады. Бірлескен тексеріс барысында СҚО ПД жедел уәкілдері мен табиғатты қорғау полицейлері Мамлют ауданындағы Меңгесер көлінің жағасында фармацевтика мен косметика өндірісінде аса құнды бағаланатын Artemia salina шаянын аулаумен айналысқан үш адамды табады.

Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы ер адамдарда аулауға рұқсат қағазының жоғын анықтады. Экологиялық қылмысқа күдікті 37 жастағы Тайынша ауданының тұрғыны, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 31 жастағы тұрғындары ұсталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ВАЗ-21140 автокөлігі, аулауға арналған құралдар мен 5 қап биологиялық зат тәркіленді.

– Үлгілер сот-сараптамалық зерттеуге жіберілді. Оның нәтижелері бойынша облыс табиғатына келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Аудан аумағында ерекше қорғалатын табиғи аймақ (Мамлют қорықшасы) орналасқан. Биоресурстарды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Ауданда тұрақты түрде экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі, облыстық полиция және мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимыл жасалады, — дейді аудандық ПБ бастығы Пётр Климов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті