Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Үкімет делегациясы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында делегация өңірдегі бірқатар нысанды, соның ішінде Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалы жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Терминал Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың қарашасында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен ашылған болатын. Нысанның құрылысына 16,6 млрд теңге жеке инвестиция салынды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Әрі қарай Роман Скляр делегация мүшелерімен Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жолаушылар вагондарын жөңдеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауыты» жобасы таныстырылды. Жобаға 15,4 млрд теңге инвестиция тартылып, оны іске асыру екі кезең бойынша жүзеге асады.

Кешеннің жоспарланған қуаты жолаушылар вагондарын жөндеу мен қызмет көрсетуді жақсартуға, сондай-ақ жаңа үлгілер шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда, оның ішінде өңірде теміржол көлігінің дамуына оң әсер етеді.

Үкімет делегациясы одан әрі қарай кірпіш зауытының құрылысын және шыны зауытының жұмысымен танысты. Кірпіш зауытына Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді, жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. 

Шыны зауытында жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресей Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. Бүгінде зауытта 366 маман жұмыс істейді. Өткен жылы шыны зауыты ішінен энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. Қытайлық инвестор алдағы уақытта 2 кезеңге жоспарланған жаңа инвестициялық жобаны іске асырмақ. 

Роман Скляр сонымен қатар Қызылордадағы жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Жобаның құны – 215 млрд теңге, қуаты – 240 МВт. Бүгінгі таңда инвестор – «Ақса Энерги» түрік компаниясы нысанның құрылысына 135 млрд теңгеден астам қаржы салды. Жаңа ЖЭО іске қосылған кезде өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар үкіметтік делегация аймақтағы жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі назарда болды. Роман Скляр «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту барысын көрді. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 6,9 мың орындық 10 мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның ішінде 5 мектеп пайдалануға берілді. Биыл қалған 5 оқу орнының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық стадион салуға 20,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Шығыс және Батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау толығымен аяқталды, қабырғалар, ішкі бөлімдер және сыртқы витраждар төселуде.

Роман Скляр жаңа автовокзалдың жұмысымен де танысты. Ол өткен жылы пайдалануға берілді. Ғимарат жолаушыларға қажетті жабдықтармен жабдықталған және 200 адамға арналған. Жобаның құны – 975 млн теңге.

Айта кету керек, өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнес субъектілері үшін инфрақұрылым мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Соңғы үш жылда өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім 153,8%-ды құрады. Іске қосылған тұрғын үй көлемі өсті, ол рекордтық көрсеткішке – 866,8 мың м2 жетті. Егер 2022–2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілсе, өткен жылы кілттерді 2,5 мыңнан астам отбасы тапсырды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу бойынша Қызылорда облысы республикада 1948 пәтер көрсеткішімен 2-ші орынды иеленді.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыста атқарылған жұмыстарды атап өтіп, Қызылорда өңірі республиканың оңтүстігінде экономикалық өсімнің драйвері болуға тиіс екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты