Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда сауда павильонынан ақша ұрлағандар "ізін суытпай" қолға түсті

Көкшетауда сауда павильонынан ақша ұрлағандар
Фото: Polisia.kz

Көкшетауда сауда павильонынан ақша ұрлағандарды полиция қызметкерлері "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаскөйлер жедел басқару орталығы камераларына түсіп қалған.

Көкшетаудың екі тұрғыны 11 ақпанға қараған түні ұрлық жасаған. Олар "Орталық базар" аялдамасында орналасқан сауда павильонының пластикалық кіреберіс есігін зақымдап, 100 мың теңге көлемінде ақша мен өнімді ұрлап әкеткен.

Полицейлерге қылмыс туралы ақпарат сағат 04:45-те келіп түсті. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен патрульдік полиция экипаждары келді. Алғашқы іздеу іс-шаралары барысында қызметкерлер жедел басқару орталығының бейнекамераларының жазбаларын зерттеді.

Камералардың бірінде қылмыстық әрекеттер анық жазылған, белгісіз адамдар бұзып, ұрлық жасап, кейін орталық базар аумағында жасырынған.

Бір сағат ішінде полицейлер қатысушылардың жеке басын анықтап қана қоймай, олардың орналасқан жерін тапты. Ұстау кезінде ер адамдар ұрланған ақшаны бөліп отырған және жұмсап үлгермеген. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдік бойынша мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар 35 жастағы Көкшетаудың екі тұрғынын ұстады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді