Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола полицейлері қар құрсауында қалған 900-ге жуық көлікке жол бастап жүрді

Ақмола полицейлері қар құрсауында қалған 900-ге жуық көлікке жол бастап жүрді
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері қар құрсауында қалған 900-ге жуық көлікке жол бастап жүруді 2 сағат ішінде ұйымдастырды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта патрульдік экипаждардың сүйемелдеуімен жеңіл және жүк көліктерінен жасалған колонналар елорда бағытында қозғалысын жалғастыруда. Ауа-райына байланысты Ақмола өңірінде Көкшетау қаласы мен Астананың айналасындағы барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

8 қаңтарда Алматы – Екатеринбург, Астана – Петропавл, Астана – Қарағанды, Астана – Ерейментау – Шідерті, Көкшетау – Рузаевка халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды жабу туралы шешім қабылданды.

Қатты желдің, боранның және соның салдарынан көрінудің шектелуінің салдарынан облыстың автожолдарында қарлы тұтқында жүздеген көлік қалды. Қазіргі уақытта батальон мен патрульдік полиция ротасының экипаждары күшейтілген режимде қызмет етеді. Көрінбейтіндігіне қарамастан, полиция қызметкерлері трассаларды күзетеді, көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар жүргізушілерге көмекке келеді.

Сағат 13:00-де полицейлер Астана қаласына дейін 530 бірлік (460 жеңіл, 70 жүк) автокөліктің бірінші колоннасын ілесіп алып жүруді бастады. 350 көлік құралының тағы бір колоннасы кері бағытта жүріп келеді. Күні бойы полицейлер көліктерді ілестіріп алып жүруді жалғастырады.

Полиция қызметкерлері азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуды және жолдардың жабылуы туралы құзыретті органдардың хабарламаларын мұқият қадағалауды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады