Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада полицейлер оқу орнынан ұрланған қару макеттерін қайтарды

Ақмолада полицейлер оқу орнынан ұрланған қару макеттерін қайтарды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашып, ұрланған оқу макеттерін оқу орнына қайтарды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың қараша айында Бұланды ауданының полиция бөліміне білім беру мекемесінен екі пневматикалық мылтықтың және автоматтың оқу макеттері ұрланғаны туралы хабар түсті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 2024 жылдың шілде айында оқу орнының қару-жарақ бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген ер адам ешкімнің жоқтығын пайдаланып, оқу макеттерін алып кеткен. Біраз уақыттан кейін олардың жоғалғаны анықталып, оқу орнының басшылығы бірден полицияға жүгінді.

Мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін құқық қорғау органдары мекемелерге бөгде адамдардың кіруін бақылауды күшейтуді, ғимараттарды бейнебақылау және дабыл жүйелерімен жабдықтауды, материалдық құндылықтардың есебін қатаң жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымдардың күзетілетін аймақтарға кіру тәртібін алдын ала келісу маңызды.

Осы қауіпсіздік шараларын сақтау – мүлікті қорғауға және ұрлықтың алдын алуға септігін тигізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді