Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында мүгедек қыздың телефонын ұрлап, несие ресімдеген

Ақмола облысында мүгедек қыздың телефонын ұрлап, несие ресімдеген
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі қыз алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бурабай ауданында мүмкіндігі шектеулі қыздың ұялы телефоны ұрланып, оның атына онлайн несие рәсімделді.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, II топтағы мүгедектігі бар 33 жастағы қызы 12 қаңтарда серуендеуге шығып, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Кейіннен қыздың Қатаркөл ауылында белгісіз ер адаммен жүргені анықталды.

14 қаңтарда қызы анасына көліктері сынып қалғанын айтып, фотосурет жіберген. Алайда арада аз уақыт өткен соң онымен байланыс мүлдем үзілген. Белгілі болғандай, сол ер адам қыздың Samsung Galaxy A12 телефонын жымқырып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, тексеру жүргізуде. Тергеу барысында қаскүнемнің ұялы телефонды ғана емес, мобильді банкингке кіру деректерін де иемденгені белгілі болды. Ол алаяқтық жолмен қыздың шотынан 201 755 теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жаратқан.

Зардап шеккен қыздың анасы бірден полицияға арыз жазды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.Б ейтаныс адамдарға ұялы телефоныңызды, әсіресе банк қосымшаларына қолжетімділікті бермеңіз.

Смартфон мен мобильді банкингке күрделі құпия сөз орнатып, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Егер телефоныңыз жоғалса немесе ұрланса, банк қосымшаларын дереу бұғаттап, қаржыңызды қорғау үшін банкке хабарласыңыз.

Жақындарыңызға, әсіресе қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға интернет алаяқтарының айла-амалдары туралы түсіндіріңіз.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды өз мүлкіне мұқият қарауға шақырып, алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын ескеруді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді