Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалықтың WhatsApp-аккаунтын бұзған алаяқтар оның әкесінен 180 мың теңге жымқырды

Ақмолалықтың WhatsApp-аккаунтын бұзған алаяқтар оның әкесінен 180 мың теңге жымқырды
Фото: pixabay.com

Ақмолалықтың WhatsApp-аккаунтын бұзған алаяқтар оның әкесінен 180 мың теңге жымқырды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтыққа ұшырағаны туралы арызданды.

Ер адамның айтуынша, 24 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында белгісіз біреулер қызының WhatsApp-тағы аккаунтын бұзып, оның атынан хабарлама жіберген. Қаскүнемдер өзін қызы ретінде таныстырып, шұғыл ақша қажет екенін айтып, нәтижесінде 180 мың теңгені алдап иемденген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мұндай алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін киберқауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Есіңізде болсын, алаяқтар WhatsApp аккаунттарына зиянды сілтемелер арқылы қол жеткізе алады. Егер пайдаланушы мұндай сілтемеге өтсе, алаяқтар оның есептік жазбасын басқарып, туыстары мен достарына алдау мақсатында хабарлама жібере бастайды.

Күдікті сілтемелер көбінесе ұтыс ойындары, сауалнамалар, бонустар немесе басқа да ұсыныстар түрінде таратылады. Бейтаныс ресурстарға жеке деректеріңізді енгізуден аулақ болыңыз.

Егер сізге WhatsApp арқылы танысыңыздан қарызға ақша сұраған хабарлама келсе, оған тікелей қоңырау шалып, жағдайдың рас-өтірігін анықтаңыз. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда, дереу полицияға және WhatsApp қолдау қызметіне хабарласу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады