Сн, 10 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер мыңнан астам желі пайдаланушысын фишингтік сілтемеден құтқарды

СҚО-да полицейлер мыңнан астам желі пайдаланушысын фишингтік сілтемеден құтқарды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер WhatsApp-та мыңнан астам желі пайдаланушысын фишингтік сілтемеден құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер зиянды сілтемені дер кезінде анықтап, “Хабарландыру. Су тасқыны. Петропавл” чатының қатысушыларын алаяқтардан аман алып қалды. Петропавлдықтар қаланың бір бөлігін су басу, су тасқыны туралы ақпаратпен бөлісетін чатта мыңнан астам адам тұр.

Шетелдік нөмірден біреу су тасқынынан зардап шеккендер 5 миллион теңге көлемінде өтемақы ала алады деген хабарландыру таратқан. Ол үшін сілтеме бойынша өтуге ұсыныс жасаған.

Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері оны заманауи техникалық құралдардың көмегімен тексеріп, сілтеме арқылы өткен кезде телефон WhatsApp аккаунтын бұзатын вирусты жұқтыратынын анықтады. Кейін жұқтырылған телефонның барлық контактілеріне қарызға ақша алу туралы өтініш және алаяқтар басқаратын шот нөмірі жіберіледі.

Фишингтік сілтеме уақытылы жойылып, әкімші күдікті пайдаланушыны чаттан өшіріп тастады.

Тәртіп сақшылары адамдарды қырағы болуға және қаржыға қатысты барлық ақпаратты тексеруге шақырады.

– Алаяқтар адамдарды өз торларына түсіру үшін кез келген ақпараттық жағдайды пайдалануға дайын. Күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз, тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары күмәнді хабарландырулар мен сілтемелерді криминалдық полиция басқармасы қызметкеріне + 7 747 429 0203 WhatsApp нөміріне тексеру үшін жібере алады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді