Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда 33 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті әйел ұсталды

Таразда 33 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz

Таразда 33 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы Тараз қаласының тұрғынын бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің облыс орталығында кеңсе ашып, әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, "қайтарымсыз несие" беремін деген уәделермен адамдарды алдап келгені анықталды. Ол өзін микрокаржылық ұйымдарда заңгер болып қызмет еткен, осы салада мол тәжірибесі бар маман ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген.

Нәтижесінде күдікті 71 азаматты алдап, оларға жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жәбірленушілер арасында тек Тараз қаласының емес, Жамбыл облысының түрлі аудандарында тұратын тұрғындар да бар.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Қайта жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті, егер осы азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккендерге тұрғылықты жеріндегі полиция бөліміне жүгінуін сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты