Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының полицейлері қымбат медициналық құрал-жабдықтардың ұрлану дерегін ашып, мекемелердің қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

2024 жылдың 26 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы медициналық мекеменің басшылығы полиция басқармасына ұрлық туралы шағымданды. Залал көлемі 16 миллион теңгені құрады.

Жедел-тергеу шаралары барысында ұрлыққа аурухананың бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екені анықталды. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып, медициналық мекеменің оттегі цистерналарын, СМГ құрылғыларын және рентген аппаратурасын заңсыз иемденіп, автокөлікпен алып шыққан.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Полицейлер материалдық құндылықтарға қол жеткізуді қатаң бақылап, жабдықтардың қозғалысын мұқият тексеруді, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұсынады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады