Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Тасымалдаушы» іс-шарасы: жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан

«Тасымалдаушы» іс-шарасы: жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Фото: Polisia.kz

Алматыда шетелдік көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан жолаушылар тасымалдаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқан шетелдік азаматты анықтады.

«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары «Hyundai» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті көршілес елдің азаматы басқарғаны белгілі болды. Ол танымал тасымалдау платформаларының бірінде өзге адамның атымен тіркеліп, заңсыз такси қызметін атқарып жүрген. Тексеру кезінде оның бұрын жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

– Қазіргі уақытта құқық бұзушы арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралуда. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында «Тасымалдаушы» республикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында қоғамдық көліктердегі кез келген заңсыздыққа «мүлдем төзбеушілік» ұстанымы негізінде қатаң шаралар қолданылуда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты