Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Микроқаржы ұйымының менеджері Қарағанды тұрғынының атынан несие рәсімдеген

Микроқаржы ұйымының менеджері Қарағанды тұрғынының атынан несие рәсімдеген
Фото: Polisia.kz

Менеджер қызметтік міндетін пайдаланып, Қарағанды тұрғынының атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың күзінде Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны өз атына микрокаржылық ұйымнан 212 мың теңгеге жуық қарыз рәсімделгенін күтпеген жерден анықтады. Бұл жаңалық азаматшаның таңданысын туғызды, себебі ол бұрын-соңды мұндай несие рәсімдемегеніне сенімді еді. Әрдайым қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындап жүрген ол, мұндай жағдайдың қалай болғанын түсіне алмады.

Оқиғаның анық-қанығына жету үшін ол дереу полицияға жүгінді. Құқық қорғау органдары арызданушының барлық қаржылық операцияларын мұқият тексеріп, мәселенің түпкі себебін анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізді.

Тергеу нәтижесінде, микрокаржылық ұйымдардың бірінде қызмет ететін 25 жастағы менеджердің алаяқтық әрекеті белгілі болды. Ол қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, клиенттің жеке деректері мен базадағы фотосуреттерін қолданып, азаматша атынан 211 523 теңге көлемінде несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Алаяқтықтың тағы бір оқиғасы Қарағанды облысының Нұра ауданында тіркелді. 2024 жылдың қазан айында ауданға қарасты ауылдардың бірінің мешіт имамы қаскөйлердің құрбанына айналды. Жәбірленушіге белгісіз тұлғалар Ресейдегі фармацевтикалық компаниядан дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені үшін өтемақы алуға болатынын айтып сендірген. Осылайша, 20 күн ішінде имам олардың шотына 1 миллион теңгеден астам қаражатты өз еркімен аударған. Алаяқтардың арбауына түскенін түсінген ол 2025 жылдың 13 қаңтарында полицияға арызданды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

– Бөтен адамдардың өтемақы немесе пайда уәдесіне сенбеңіздер. Ақшаны аудармастан бұрын ақпараттың рас-өтірігін мұқият тексеріңіздер. Күмәнді жағдай туындаса, дереу полицияға хабарласыңыздар. Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз – ең алдымен өзіңіздің сақтығыңызға байланысты екенін естен шығармаңыз, – дейді полиция қызметкерлері.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты