Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды

ІІМ: Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды
Фото: Polisia.kz

Қаңтарда Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын сату арналарын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені нәтижесінде он килограмға дейінгі марихуананы Ақтау қаласыда сатудың кезеңдік сызбасы құжаттандырылды.

Іздеу іс-шаралары қаланың әртүрлі жерлерінде, пәтерлерде және адам тұрмайтын үй-жайларда жүргізілді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 200 кг астам болды.

Көрсетілген қаланың төрт тұрғыны және еліміздің оңтүстік өңірінің бір тұрғыны қамауға алынды.

– Осындай әдіспен Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері де жедел әзірлеме жүргізді. Нәтижесінде оңтүстік астананың тұрғыны ұсталып, оның тұрғылықты жері бойынша аса ірі көлемде мефедрон және марихуана тәркіленді, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында Алматы облысында есірткі зертханасы қызметінің жолы кесілді. Онда синтетикалық есірткі өндірісінде пайдаланылатын 600 литрден және 100 кг астам әртүрлі прекурсорлар тәркіленді.

Осылайша 100 кг астам синтетикалық есірткіні дайындауға және сатуға жол берілген жоқ.

– Жедел іс-шаралар жалғасуда, аталған фактілерге қатысы бар басқа да адамдар анықталуда. Осы бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді Қуандық Алпыс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты