Елорданы қардан тазарту бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс жалғасуда.14 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2300-ге жуық жол жұмысшы мен 1300-ден астам мамандандырылған техника шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні қаладан 2458 ауыр жүк рейсімен 33 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілі басталғалы қаладан 3 093 354 текше метр қар шамамен 245 132 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Бүгін, 11:28
Астанада қар тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты
Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз