Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көліктегі полиция департаментінде 2024 жылы жалған терроризмнің 30-дан астам фактісі тіркелді

Көліктегі полиция департаментінде 2024 жылы жалған терроризмнің 30-дан астам фактісі тіркелді
Фото: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінде 2024 жылы жалған терроризмнің 30-дан астам фактісі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қабылдаған шараларына қарамастан, полицияға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар түсіп жатыр. Мұндай әрекеттер қоғамды алаңдатып, мемлекеттік органдардың күштері мен ресурстарын негізсіз жұмылдыруға әкеледі. Өкінішке қарай, жалған терроризмге барған адамдар бұл әрекеттің салдары қаншалықты ауыр екенін толық түсінбейді.

Көліктегі Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дулат Діркеновтің мәліметінше, 2024 жылы Департаментте ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) 33 дерек тіркелген.

Мысалы көлік полицейлері Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол масаң күйде Астана – 1 теміржол вокзалы ғимаратында жарылғыш құрылғының (бомбаның) қойылғаны туралы хабарлаған. Алайда тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Нәтижесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты құқық бұзушыны 3 жылға бас бостандығын шектеуге және жалған хабарлама бойынша жұмылдырылған барлық қызметтердің шығындарын өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар сот шешімімен жалған террористер оқиға орнына жұмылдырылған жедел қызметтердің барлық шығындарын толық өтеуге міндетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді