Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері 28 жалған жарылғыш зат туралы хабарлама тіркелді

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері 28 жалған жарылғыш зат туралы хабарлама тіркелді
Фото: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінде жыл басынан бері 28 жалған жарылғыш зат туралы хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар жиілеуде. Мұндай оқиғалар қоғамды дүрліктіріп, мемлекеттік органдардың уақытын, күш-қуатын және қаржысын бекер жұмсауға мәжбүрлейді.

2024 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті осындай 28 жалған хабарлама тіркеді. Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Жалған жарылғыш зат туралы хабарламалардың себептері әртүрлі. Кейбіреулер бұл әрекетті әдейі бұзақылық ретінде жасаса, енді біреулері жауапсыз әзіл немесе жеңіл ойлылықтың салдарынан істейді. Мәселен, кейбір жолаушылар әуежай қауіпсіздік қызметкерлерінің «Қол жүгіңізде не бар?» деген сұрағына қалжыңдап «Бомба» немесе «Граната» деп жауап береді.

Осындай әзілдер үлкен шығындарға әкеледі. Құқық қорғау органдары барлық шұғыл қызметтерді дабыл бойынша көтереді, нысандарды қоршап, адамдарды эвакуациялайды, кіреберіс жолдарды жабады, рейстерді тоқтатады немесе кешіктіреді. Бұл жағдай әуежайлар мен теміржол вокзалдарының жұмысын толықтай бұғаттауға дейін жеткізеді.

8 желтоқсанда Алматы әуежайында 18 жастағы азамат ұшуға дайындалып жатқан жолаушыны шығарып салу барысында әуе компания қызметкерінің «Тыйым салынған заттарыңыз бар ма?» деген сұрағына қалжыңдап «Пистолет бар» деп жауап берген. Ақпарат расталмады, бірақ мұндай әзіл қоғамда жауапкершіліктің төмендігін көрсетеді.

Көбіне жолаушылар мұндай әрекеттері үшін қатаң жазаланатынын білмейді. Бірақ сотта барлығы өз қателіктерін мойындап, өкініш білдіреді. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 5000 АЕК көлемінде айыппұлдан бастап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап қолданылады.

Сонымен қатар жалған хабарлама жасаған азаматтар оқиға орнына жедел шақырылған қызметтердің шығынын толығымен өтеуі тиіс.

Әзілдің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Әрбір сөз бен әрекет үшін жауапты болу – қоғам алдындағы міндет. Жалған хабарламалар адам өміріне қауіп төндірмесе де, оның салдары ел экономикасына, қоғамдық қауіпсіздікке зиянын тигізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді