Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бір күнде полиция жалған терроризмнің үш фактісін ашты

Бір күнде полиция жалған терроризмнің үш фактісін ашты
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарын қонақ үйлердің бірінде қарулы адамдар кепілге алып, ақшалай сыйақы талап етуде деген қоңырау түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арансына сілтеме жасап.

Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде Бейнеу кентінде жалған қоңырау шалғаны үшін 22 жастағы қыз ұсталды. Сонымен қатар оның бұған дейін автобуста ұялы телефон ұрлағаны анықталды. Қолды болған гаджеттен ол қоңырау шалған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бөтен мүлікті ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сол күні Ақтөбе қаласының полициясына ер адам ұялы телефоннан қоңырау шалып, Гришин көшесіндегі үйде бомба орнатылғаны туралы айтқан. Бұл факт те расталмады.

Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын да осындай қылмыс үшін сотталған Ақтөбе қаласының жұмыс істемейтін тұрғынын мас күйінде ұстады.

Оған қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Жалған терроризмнің үшінші фактісі Алматы қаласында тіркелді. Онда қаланың жеке компанияларының бірінің телефонына WhatsApp мессенджері арқылы ірі ақшалай сыйақы үшін сауда орталығынa бомба қою туралы ұсыныс келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Талдықорған қаласының 9 жасар тұрғынын анықтады. Ол интернет желісінде компанияның жарнамасын көріп, бұзақылық ниетпен осы хабарламаны жолдағаны анықталды.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы баланы тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделетінін тағы да еске салады.

Сондай-ақ сот шешімі бойынша кінәлі адам жалған терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді