Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте алты жайлы мектеп ашылды

Шымкентте алты жайлы мектеп ашылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алты жайлы мектептің ашылуына қатысты. Білім ғимараттары мегаполистің бес ауданында орналасқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 1200 орындық мектептер Тұран-2, Жаңа Тұрлан, Ұлағат шағын аудандарында және 276-орамда іске қосылды. Бозарық шағын ауданындағы мектеп 2000 орынға, ал Ақжар шағын ауданындағы білім нысаны 600 орынға лайықталған.

Ғимараттарда ерекше қажеттіліктері бар балаларға барлық жағдай жасалған. Пандустар, жеделсатылар және арнайы алаңдар, балалардың шығармашылық тұрғыдан дамуы және демалу үшін коворкинг аймақтары қарастырылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары, турникеттер орнатылды.

Ғимараттарды аралап көрген қала әкімі жаңа мектептердің ашылуы орын тапшылығын шешіп қана қоймай, шәкірттердің сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына жол ашатынын атап өтті.

Биыл Шымкентте ашылған жайлы мектептердің жалпы саны 11-ге жетіп, 16 мыңға жуық оқушы орны шешімін тапты. Келесі жылы қалада осындай тағы 7 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады