Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті

15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы азамат 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының соңында ер адам қараусыз жайылып жүрген жылқы үйірін байқап, түннің қараңғылығын пайдаланып, оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен.

Күдікті ұрланған малдың тоғызын сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Осылайша жәбірленушілерге жалпы 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Ауыл тұрғындары жоғалған жылқыны іздеуге кіріскенде, күдікті өзіне күдік келмеуі үшін қалған жылқыларды еркіндікке жіберген.

Дегенмен, полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тергеу барысында күдіктінің бұл іске қатысы бар екенін анықтап, оны ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға өз малын қараусыз қалдырмау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір еске салады. Полицейлердің айтуынша, сақтық шараларын сақтау ұрлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты