Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды

БҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

БҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысты деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олар Ақжайық ауданы аумағындағы жайылымнан ірі қара мал мен жылқы ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдіктілердің бірінің көлігін тексеру кезінде бір ірі қара малдың еті табылса, екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен тағы бір малдың еті тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында полиция қызметкерлері жануарлардың терілері мен қалдықтарын анықтады.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты бес эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді