Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шекті

Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шекті
Фото: ШҚО әкімдігі

21 қараша күні Риддер қаласындағы жылу электр орталығында штаттан тыс оқиға болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылды. Жұмыс көмір беретін транспортерде жүргізіліп жатқан.
Соның салдарынан зардап шеккен алты адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

— ЖЭО-да болып, орталық басшылығымен және жұмысшыларымен кездестім. Жағдайды толық бағалау үшін барлық қазандықтар мен негізгі жабдықтарға қосымша тексеру жүргізіледі. Болған оқиғаға қарамастан, орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Жабдықтар ақаусыз жұмыс істеуде. Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтатылмайды. Мамандар алдағы уақытта ЖЭО-да мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қала халқына бұл жағдайға түсіністікпен қарауын және жалған ақпараттарға сенбеуін сұраймын, — дейді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Айта кетейік, Риддер жылу орталығында 5 қазандықтағы жөндеу жұмыстары осы айдың басында ғана аяқталған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді