Қазір жылу орталығында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. 24 шілдедегі жағдай бойынша қайта құру барлық 6 қазандық агрегаттарында, отын беру трактісінде, турбиналық цехта, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылумен жабдықтау желілерінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Күн сайын мердігерлік ұйымдардың 200 қызметкері, сондай-ақ "Риддер ЖЭО" АҚ персоналы қатарынан 67 адам станция мен жылу желілерінде жұмыс істеуде. Қажетті қаржыландыру ҚР Үкіметінің резервінен де, облыс бюджетінен де қамтамасыз етілген.
Риддер әкімдігінің мәліметі бойынша қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алынған, ал қазірдің өзінде 50% - дан астамы жеткізіліп, жылу орталығының аумағына әкелінген.
Мердігерлердің жұмысын жұртшылық пен қалалық мәслихат өкілдері бақылайды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында
Риддер қаласы әкімінің м. а. Дархан Қосантаев айтып өтті. "Күн сайын олар ЖЭО-ға барып, орындалған жұмыстардың көлемін, қажетті материалдар мен жабдықтарды жеткізуді қадағалап, барлық жұмыстарды назардан тыс қалдырмауда",-деді спикер.
Өңір билігі барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларына, белгіленген кестеге сәйкес уақытылы және сапалы орындалатынына сенімді. Ол үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар қарастырылған.