Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үш жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды — Р. Скляр

Үш жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды — Р. Скляр
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.

«Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», — деді бірінші вице-премьер.

Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», — деп түйіндеді Роман Скляр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді