Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте көліктерді жалға алып, олардан катализатор ұрлағандар ұсталды

Шымкентте полицейлер жалға алынған автокөліктерден катализаторларды ұрлаумен айналысқан ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполистің төрт тұрғыны кезек-кезек екі ай бойы автомобильдерді жалға алып, олардың бөлшектерін, дәлірек айтқанда, катализаторларын шешіп алып отырған. Бұл бөлшек арзан тұрмайды. Жаңасының бағасы бір миллион теңгеден астам. Ал ұсталғандар ұрланған катализаторларды интернет арқылы 250 мың теңгеге сатқан.

Автоорталықтың директоры күдіктілердің олардан әр түрлі машиналарды жиі жалдайтынын байқап, GPS-навигаторының көмегімен олардың біреуін бақылауға шешім қабылдаған. Бұл кезде күдіктілердің бірі 15-ші көлікті жалға алған болатын. Автоорталықтың басшысы клиенттің соңынан еріп, оның катализаторды шешіп алып жатқанын көріп, дереу полицияға жүгінді.

– Полиция менің шағымыма жедел жауап берді және барлық қажетті шараларды қабылдады. Кінәлілер анықталып, қамауға алынды. Полицияның арқасында олар маған келтірілген залалды өтейді. Шымкент полициясына кәсібилігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ қылмыстық істі тергеудегі әділдігі үшін алғыс айтамын, – деді автоорталықтың директоры Валерий Баширов.

Автокөлік жалдау орталығына келтірілген шығын 15 миллион теңгені құрады.

– Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты бес азамат анықталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт бойынша төрт азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен, бір азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс тіркелді, – деп баяндады тергеуші Спандияр Зайнидин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты