Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады

Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет пен бизнес Қазақстанда құнды асыл тұқымды мал мен мал азықтық дақылдарды өсіру үшін күш біріктірмек. Үкіметте өткен кездесу барысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қолдауымен «Zhersu» корпорациясының селекциялық мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер маусым айының бірінші жартысында Жетісу өңіріне сапарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық селекциясы бойынша жеке кәсіпкерліктің жинақталған тәжірибесін ел аумағында таратудың ықтимал нұсқаларын әзірлеуді тапсырған.

Кездесуде «Zhersu» және ҚазҰҒЗИ өкілдері мал шаруашылығы мен жемшөп өндіруге арналған генетикалық орталықтың жобасын таныстырды, оның қызметі негізгі үш бағытты қамтиды.

Орталықта ғылыми сүйемелдеу бағытындағы жұмыс шеңберінде асыл тұқымды малдардың селекциясы мен есебін қолданыстағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында цифрландыру, жемшөп, сүт, ет сапасын талдау, ДНҚ-талдау жүргізу және жемшөп дақылдары тұқымдарының сапасын бағалау бойынша аккредиттелген бес зертханасы бар генетикалық орталық құру жоспарлануда. 

Сондай-ақ жоба шеңберінде табиғи жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру технологиясын әзірлеу және енгізу, кейіннен республиканың оңтүстік-шығысында құнарлы жайылымдар жүйесін қалыптастыру және жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығының заманауи базасын құру жоспарлануда.

Серік Жұманғарин Қазақстанда асыл тұқымды мал мен жемшөп дақылдарының селекциясын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерге қолдау білдірді. Енді ұсыныстар барлық қажетті ұйымдастырушылық мәселелер мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ бюджеттік өтінім бойынша егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді