Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында құны 7,5 млн теңгелік қосалқы бөлшектерді ұрлағандар ұсталды

Қостанай облысында құны 7,5 млн теңгелік қосалқы бөлшектерді ұрлағандар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында көліктің 7,5 млн теңге тұратын қосалқы бөлшектерін ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбеден Қарағандыға қосалқы бөлшектерді тасымалдаған фураның жүргізушісі Қостанай ауданы Айсары кентінің маңында демалуға тоқтаған кезде болған. Жүргізуші жүктің бір бөлігі жоғалып кеткенін межелі жерге жеткен кезде анықтаған.

Жедел уәкілдер қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Жүргізуші демалып жатқанда, қаскүнемдер тіркемедегі құлыпты ашып, 5 қораптан қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен.

Полиция ұрланған барлық бөлшектерді тұрғылықты жері бойынша күдіктілердің бірінен тауып, айғақты заттар ретінде алды.

Ұрлық фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазір қылмыстық іс одан әрі сотқа жіберілу үшін прокуратураға берілді.

Полиция қызметкерлері ұрылардың бұрын таныс болғанын және қазіргі уақытта басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын атап өтті.

Екі күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылу мүмкін.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды