Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда трансформаторлық қосалқы станциялардан құны 100 млн теңгеге жуық болатын ұрлық жайты анықталды

Қостанайда трансформаторлық қосалқы станциялардан құны 100 млн теңгеге жуық болатын ұрлық жайты анықталды
Фото: polisia.kz

Қостанайда трансформаторлық қосалқы станциялардан құны 100 млн теңгеге жуық болатын ұрлық жайты анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды кезекті мәрте ұрлау барысында ұсталды. Бұл олардың алтыншы ұрлығы болар еді. Екі апта бойы “гастролерлер” Қостанайдың трансформаторлық қосалқы станцияларынан қымбат жабдықтарды ұрлап жүрген.

Мысалы, соңғы рет олар қосалқы станциядан 4 блок-модульдік релелік қорғанысты ұрлауға тырысты. Осындай бір қорғаныстың құны – 2,5 млн теңге.

– “Юбилейный” шағын ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциялардың бірінің жанынан өтіп бара жатып, арнайы киім киген станцияға кірген екі жігітті байқадым. Мен тексеруді шештім, өйткені бұрын ұрлық туралы арыздар келіп түскен болған. Қосалқы станцияға жақындаған кезде мен құлыптың бұзылғанын көріп, бірден көмек шақырдым. Екі жігіт шығуға дайындалып жатқанда, біз оларды әріптестерімізбен қоршап алдық. Бізді көргенде олар жасырынуға тырысты. Бірақ біз оларды самбоның жауынгерлік әдістерін қолданып, ұстадық, – деді жедел уәкіл Бауыржан Өтеутілеу.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының Ақкөл ауылының 20 жастағы екі тұрғыны іс бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер өз кінәларын мойындады. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленді. Барлық дерек бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті