Жамбыл облысында дін саласында атқарылған жұмыстар туралы брифинг өттi, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Мыңбаев Сәкен Сәрсенбайұлы аумағымыздағы діни ахуалдың деңгейін және дін саласында өзекті мәселелерді ортаға салды. С.Мыңбаев баяндамасында облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты орындалуын, діни қызмет саласындағы заңдардың және құқықтық актілерді орындалу барысындағы мәселелері, сонымен қатар аумағымыздағы діни ахуалдың жағдайы мен даму бағыттары қамтылды.
Дін саласындағы негізгі мақсаттары - қоғамда бейбітшілікті сақтау, елде ұсынылған барлық конфессиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасау. Бұл бағытта мемлекет дін саласындағы тұрақтылықты сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қолданады. Сонымен қатар, қоғамға қауіп төндіретін белгілі бір сын-қатерлер бар. Деструктивті діни ұйымдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси өміріне әсер ету дәрежесі осы ұйымдардың мақсаттарына байланысты: олардың кейбіреулері жеке адамға деструктивті әсер етеді, жеке тұлғаны осындай ұйымның басшылығына психологиялық тәуелді етеді, оның қызметін бақылайды, оның әрекеттерін ұйым үшін қажетті мақсатына бағыттайды.
Мемлекеттің діни саясаты ар-ождан бостандығын, әлеуметтік тұрақтылықты және қоғамдағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл саясатты тиімді жүзеге асыру үшін азаматтардың оның негізгі бағыттары туралы хабардар болуы және оған объективті баға беруі қажет. Мемлекеттік саясаттың маңызды аспектісі, әсіресе діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінде шешімдер қабылдау мен шараларды іске асырудың уақыттылығы болып табылады. Жалпы, мемлекеттік діни саясаттың тиімділігін арттыру үшін оның мазмұнын жетілдіріп қана қоймай, оны қалыптастыру және іске асыру процесіне азаматтарды белсенді тарту қажет. Мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог жағдайында ғана елдегі діни бостандықты, әлеуметтік тұрақтылықты және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге болады.
Сондай-ақ, С. Сәрсенбайұлы сөз барысында 2024 жылы өткен маңызды іс-жайларды және дiни экстремизмді тоқтату мақсатында қолданылатын әдiстер туралы айтып, жастарға кері әсерін тигізіп жүрген топтарға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудің орны атап өтілді.
Кездесу сонында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша жауап берілді.