Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда

Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда
Фото: қтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұщытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы.

Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр.

Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.

-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.

Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.

-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.

Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылында орналасқан «Ақтау» су тұщыту зауыты да қала тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуде.

«Ақтау» су тұщыту зауытының құрылысы жеке инвестор тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Зауыт 2023 жылдың наурыз айында қолданысқа берілді.

-Аталған зауыт тәулігіне 5 000 м3 ауыз су өндіреді. Зауыт өндірген ауыз суды ОСЖТ-4 арқылы қаланың жоғары шағын аудандарына береді, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіп Мұхамед.

Жалпы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы осыған дейін ОСЖТ-4 арқылы «МАЭК» ЖШС және «Ақтау» су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Биыл жаз айларында Сайын Шапағатов ауылында қуаттылығы тәулігіне 4 000 м3 ауыз су өндіретін қондырғы орнатылды. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы аталған қондырғы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде босаған су көлемін Ақтау қаласына бұруға мүмкіндік берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді