Риддер ЖЭО-дағы үш қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысы өңірлік биліктің тұрақты бақылауында.
Кәсіпорындағы жұмыстарға тартылған 14 мердігер ұйымның 9-ы жылу көзіндегі қазандық агрегаттарын жөндеумен айналысуда.
Мамандардың ақпараты бойынша, жүргізілген жұмыстар мен материалды жеткізу кестесін ескере отырып, орындалған жұмыстардың жоспарланған пайызы 25 тамызға қарай келесідей болады: №1 қазандық - 83%, №2 қазандық - 90, 6%, №3 қазандық -77%, № 4 қазандық - 61, 9%, №5 қазандық -55, 4%, №6 қазандық - 66, 5%.
Нысаннан бір елі алыстамай, жұмысты өзі қадағалап жүрген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов мердігерлермен апта сайын өткізетін кеңес барысында жұмысшылар мен материалдар қолда тұрғанда жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды.Басты назар жылу көзіне ғана емес, сонымен қатар кеншілер қаласының әр үйіне жеткізілетін жылу желілеріне де беріліп отыр. Риддер әкімі Дәулет Батырбаев жылу желілеріндегі қысымды өзі бақылап жүр, ол "Востоквзрывпром" ЖШС және "Терезе"ЖШС мамандарымен бірлесіп жүргізілуде.
Жалпы, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымының басталуымен, ең алдымен, ЖЭО–да үш орташа қысымды қазандықты, кейін күн қатты суытқанда жоғары қысымды қазандық агрегаттарын іске қосу жоспарлануда.