Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Фото: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер Ұлттық банктің 2024 жылғы 30 қазандағы № 65 Басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:

  • 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгілеу;
  • "7-20-25" бағдарламасы бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды енгізу;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.
"Бұл нормалар халықты, әсіресе, баспанаға мұқтаж азаматтарды мейілінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі. Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады".Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы кезінде жылдық 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 1 059,6 млрд теңгеге жеңілдетілген 76 753 қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті